Ільяс Есенберлин "Махаббат мейрамы"

ISBN: 
978-601-06-8437-9
Автор: 
Ільяс Есенберлин
Рубрика: 
Художественная литература
Язык: 
Казахский
Количество страниц: 
252
Тип бумаги: 
Офсетная
Цена: 
2000 тг.
Формат книги: 
70х90 1/32
Издание: 
«Книжный клуб баспасы» ЖШС
Год издания: 
2023
Тираж: 
2000 экз.

Предисловие

Қала шетіндегі тау етегін жапқан қалың ағаш арасында бір жас жігіт келе жатыр. Бұл – Еркебұлан. Түн көзге түртсе көрінгісіз тастай қараңғы. Жайшылықта бетке барқыттай жұмсақ тиетін түн ауасы, дәл қазір тікенек боп қадала түсетіндей, жігіт екі бетін қолымен жауып, кенет тұра қалады. Әлдекімнің атын атағандай болады. Осылай ол сәл тұрады да, қайтадан жүріп кетеді. Түн де қараңғы, сол түнде тыным білмеген Еркебұланның көңілі де қараңғы. Және осы көрдей соқыр түнде Еркебұлан ештеңені көрер емес. Бірақ түн баласы тәрізді ештеңеге де соқтықпайды. Міне, сынған бұтағы кеудесіне қадалғалы тұрған жуан еменге тұп-тура таяп қалды. Бірақ бұтаққа сүйем қарыс жетпей кілт бұрылып кетті. Міне, ол енді бір аттаса болғаны, төмен қарай құлдилай жөнеледі.