Бауыржан Момышұлы "Cоғыс психологиясы"

ISBN: 
978-601-06-8626-7
Автор: 
Бауыржан Момышұлы
Рубрика: 
Художественная литература
Язык: 
Казахский
Количество страниц: 
256
Тип бумаги: 
Офсетная
Цена: 
2500 тг.
Формат книги: 
60х90 1/32
Издание: 
«Книжный клуб баспасы» ЖШС
Год издания: 
2022
Тираж: 
2000 экз.

Предисловие

Адамзаттың көпғасырлық тарихында соғыс пен бейбітшілік мәселесі тұрақты түрде өзекті болып табылады. Халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі туралы гуманистік идеялар ертеден бастау алатынына қарамастан соғыс адамзат өмірінде күні бүгінге дейін бар.
Сексен жыл бұрын (менің немерелерімнің қатарластарына соншалықты көп уақыт!) өткен ғасырда орын алған, біз Ұлы Отандық деп атап кеткен соғыстың әлі күнге дейін әрбір қазақстандық, әрбір посткеңестік отбасында жарақаты толық жазыла қоймады. Әлі талай жылдар бойы зерттеушілер Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына қайта-қайта оралатын болады. 
Алайда бірнеше жылдан соң-ақ, тарихты зерттеп, сол сұрапыл жылдардың құжаттарын парақтап, көзімен көрген­дердің жазғандары мен мамандардың талдауын оқи отырып, трагедиялық ауқымын түйсініп, соғысты романтикалауға еш құлқың болмаса да еріксіз көркемдікті де көре бастайсың. Адам баласы көркем! Санқырлы, қазаның қайғысы мен күйініші, жеңістің қуанышы жанын кернеген, отаншыл, Отанның сақшысы, қарапайым ұлы Адам азат ету соғысында. Және фашистік басқыншыларға қарсы Отан үшін соғысқан қарапайым ұлы адамдар – миллиондар.
Аңыз қолбасшы және танымал жазушы Бауыржан Мо­мышұлы – сондай адамдардың бірі. Ол соғыстың ұзын сонар қиын жолын жүріп өтіп, оны аға лейтенант шенінде бастап, полковник болып аяқтады. Жеңістен кейін де халыққа қызмет етуін жалғастырды. Оның қаламынан мынадай тамаша шыншыл дүниелер туды: «Артымызда Москва. Офицер жазбалары», «Біздің генерал», «Біздің семья» және қазір Сіздер қолдарыңызға ұстап отырған хроникалық кітап «Соғыс психологиясы».