Ильяс Есенберлин "Аққу құстар"

ISBN: 
978-601-06-8439-3
Автор: 
Ильяс Есенберлин
Рубрика: 
Художественная литература
Язык: 
Казахский
Количество страниц: 
268
Тип бумаги: 
Офсетная
Цена: 
2000 тг.
Формат книги: 
70х90 1/32
Издание: 
«Книжный клуб баспасы» ЖШС
Год издания: 
2023
Тираж: 
2000 экз.

Предисловие

Көгілдір аспан аясында жасыл орманға бөленген көгілдір қала жатыр. Қала қай жағынан қарасаң да бірдей көрінген, сан қырлы гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Керемет көрікті. Шығыс-күнгейі мен құбыласына дейін тұтаса созылған, аспанмен тілдескен ақ сәлделі таулары қандай айбарлы, сәнді десеңдерші! Қант бастары күн сәулесімен ойнап, көздің жауын алады. Бұл көшелері, көшені қуалай жүгірген арықтары әлі асфальт пен бетонға құндақталмаған соғыстан ке­йінгі Алматы. Бұнда әлі алты қабат, жеті қабат үйлер жоқ. Жиырма бес қабатты «Қазақстан» мейманханасы тұрғындардың қиялына да кірмеген.