Ільяс Есенберлин "Алтын Құс"

ISBN: 
978-601-06-8434-8
Автор: 
Ільяс Есенберлин
Рубрика: 
Художественная литература
Язык: 
Казахский
Количество страниц: 
304
Тип бумаги: 
Офсетная
Цена: 
2000 тг.
Формат книги: 
70х90 1/32
Издание: 
«Книжный клуб баспасы» ЖШС
Год издания: 
2022
Тираж: 
2000 экз.

Предисловие

Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де – бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүніндей көзге жұмсақ. Осы айнадай тап-таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу күнге ділгер жанымды кәнігі етеді...