Арпалыс (Волоколамск тас жолы)

Primary tabs

ISBN: 
978-601-80805-0-0
Автор: 
Александр Бек
Рубрика: 
Художественная литература
Язык: 
Казахский
Количество страниц: 
642
Тип бумаги: 
Офсетная
Цена: 
2500 тг.
Формат книги: 
70х100 1/16
Издание: 
ТОО «Издательство Книжный клуб»
Год издания: 
2020
Тираж: 
2000 экз.

Предисловие

АЛҒЫСӨЗ

 

 

Соғыс, шайқастар. Адам, халықтар.

Бейбітшілік – арман.

 

 

 

Соғыс – қоғамдық-саяси құбылыс ретінде, өкінішке орай, біздің планетамызда орын алуда. Қазіргі уақытта да шайқастар жүріп жатыр. Бейбіт адамдар қырылып, адам қолымен, адамзат ақылымен жасалған жауһарлар, ғаламат ескерткіштер қирауда.

XX ғасырдың ең жойқын соғысы – Екінші дүниежүзілік соғыс, оған күллі әлемге үстемдік орнату мақсатында үшінші рейхтің нацистік билік басындағылар түрткі болды.

Миллиондаған адамдарды құрбан еткен осынау зұлым ойдың елеулі бөлігі бұрынғы Кеңес Одағы аумағында жүзеге асырылды. Көптеген батысеуропалық мемлекеттердің армияларын оңай жеңгеніне масайрап, масайған фашистік Германия армиясы, Қызыл Армияны да тез жеңуге боладыдеп есептеп, соғысты жарты жыл ішінде аяқтауды жоспарлады. Гитлер мен оның Бас штабы алайда есептен жаңылды. Қызыл Армия бастапқы кезеңде сәтсіздікке ұшырағанымен, "бандиттер армиясына, бұзылған және қарақшы ниеттегі адамдарға қарсы" (генерал И. В. Панфиловтың сөзі) қаһарлы күш болды. Қасиетті соғысқа бүкіл кеңес халқы көтеріліп, жаудың жолында өткел бермес қиын асу секілді қарсы тұрды. Сондықтан Екінші дүниежүзілік соғыстың бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында өткен бөлігінің Ұлы Отан соғысы аталуы әділетті еді! Ұрыс даласындағы жаппай батырлық, жау тылындағы партизандардың ерен ерлігі, кеңес халқының ынтымағы мен достығы фашистік Германия мен оның сыбайластарының жотасын сындырған негізгі фактор болды. 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы (ҰОС) барлық кеңес халқы үшін, сол қоғамның әрбір адамы үшін қатал сынақ болды.

Әрбір кеңес адамы Отанын қорғау және туған жерін зұлым жаудан азат ету үшін өз өмірін құрбан етуге дайын еді. Қан төгіскен шайқастарға қатысып, Мәскеуге жауды жібермегендер арасында Алматыда құрылған 316-шы атқыштар дивизиясы, кейіннен өз қолбасшыларының есімімен «Панфиловтың 8-ші гвардиясы» атанғандар болды. Өз өмірлерін аямай жаудың жолын бөгеген 28 гвардияшылар мен Баубек Бұлқышев, Төлеген Тоқтаров сияқты жас қазақстандықтардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады. Николай Тихоновтың «Шеге туралы» поэмасында осылар және басқа да ҰОС батырлары туралы өте дәл әрі дөп айтылған:

 

… Гвозди б делать из этих людей,

крепче б не было в мире гвоздей…

 

Құрметті оқырман, сіздер Ұлы Отан соғысы туралы талай кітап оқыған боларсыздар деп ойлаймын, бірақ қолдарыңызда ұстап отырған «Волоколамск тас жолы» кітабы ерекше құнды және ҰОС туралы, әсіресе оның бастапқы кезеңіндегі, ең үздік шығармалардың бірі болып саналады.